25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қандай малдар құрбандыққа жарамайды?

Қандай малдар құрбандыққа жарамайды?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Ассаламуғалайкум. Менің сұрайын дегенім, құрбан шалғанда құрбандыққа жарамайтын да малдар болады деп естідім. Сонда қандай малдарды құрбандыққа жарамайды. Түсіндіріп берсеңіздер. (Алмас)

Жауап: Уағалайкуммуссалам, Алмас бауырым. Иә, шариғатымызда құрбандыққа шалатын малдардың белгілі талаптары мен шарттары болады.

Әуелі, қой, ешкі, сиыр, түйе түліктерінен басқа малдар мен жануалар (үй құстары, аңдар, т.б) құрбандыққа шалуға жарамайды.

Ал, бұл түліктерге де қойылатын өзіндік талаптар бар. Олар төмендегідей:

- Қой мен ешкі бір жасқа толмаған болса;

- Сиыр екі жасқа жетпеген болса:

- Бес жасқа толмаған түйе малы;

- Екі немесе бір көзі соқыр;

- Құлағаның немесе мүйізінің жартысынан көбі жоқ;

- Сойылатын жерге жүріп бара алмайтын дәрежеде арық немесе ақсақ;

- Құлағы, құйрығы немесе басқа мүшесінің үштен бір бөлігінен көбі жоқ;

- Мұрны кесілген;

- Тісі жоқ;

- Желіні кесілген. 

Осы мемістіктері бар малдарды құрбандыққа шалуға болмайды.

Ескерте кетеін бір жайт, құрбан шалуы уәжіп болған кісінің құрбандық малында аталмыш кемшіліктердің біреуі сатып алғаннан кейін пайда болса немесе алған малы өліп қалса, қайтадан құрбандыққа жарайтын мал сатып алып, шалуы керек.

Ummet.kz

Бөлісу: