Анталия қаласының тұрғыны Гюллюшен Гюзель 56 жасында тұңғыш рет ана атанды. Ал егіздердің әкесі – 58 жаста.
Жасының ұлғаюына байланысты әйелге жүктілік ауыр тиген. 9 ай ішінде Гюллюшен Гюзелдің қан қысымы жиі көтеріліп, Анталия университеті ауруханасында профессор Селахаттин Кумрудың бақылауында болған. Дәрігерлер әйел денсаулығын зерттей келе, 34-аптада әйелді кесір тілігі арқылы босандырды. Осылайша өмірге Шукрие Фатманур және Биляль Вейсел есімді егіздер келді. 40 күннен кейін ата-анаға денсаулығы қалыпты балаларын госпиталдан алуға рұқсат берілді.
Ummet.kz