19
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Мешіттер өзге дін өкілдеріне есік ашты

Жаһан
Жарнама

Джидда қаласында төрт бірдей мешіт есіктері өзге дін өкілдеріне ашылды. Акция ислам әлемі мен өркениетімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды, деп жазады Al Bawaba.

«Мұсылман емес халықтар мешітке нұқсан келтірмеу керектігін түсініп, сыйлауы керек және Алла үйін ешқандай жағдайда бүлдіруге болмайды» деп хабарланды корольдіктегі мешіт әкімшілігінен.

Аталған төрт мешіт те Джидда қаласында орналасқан: әл-Рахма, әл-Тақуа, Фатх король және Сауд королі мешіттері.

Мәдина қаласындағы  Құба мешітінің имамы шейх Салих әл-Мигмасси ислам діні өзге дін адамдарының мешітке келуіне тыйым салмайтынын, сондай-ақ олардың мешітте болуы жамандық саналмайтынын жеткізді. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: