20
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Қырғызстанда үшінші үлкен мешіт ашылады

Жаһан
Жарнама

Бүгін Ыстықкөл облысына қарасты Қаракөл қаласында ел аумағында көлемі бойынша үшінші үлкен мешіт ашылады, деп хабарлайды Turmush.kg.

Әлемдік мұсылман жастары ассамблеясының қолдауымен мешіт құрылысы 2014 жылдың мамыр айында басталған. Қасиетті Рамазан айы қарсаңында жаңа ғибадат үйі қырғыз мұсылмандарын қуантқалы тұр.

«Мешіттің барлық ішкі дизайны қырғыз ұлттық ою-өрнектерімен жасалды. Күмбездің ішкі бөлігіне Алла Тағаланың 99 есімі, имам тұратын маңдайшаға Құран аяттары жазылды. Мешіт сыйымдылығы – 6 мың адам. Ғимараттың сапалы тұрғызылынуы аса мән бердік. Төтенше жағдайға арналған қосалқы есіктер де бар» дейді облыстың бас қазысы Алмазбек Сағындықов.

Мешіт құрылысында маңызды бөлігінің бірі бейнебақылау камераларын орнату болып отыр. «Қазір біз мешіттің ішкі бөлігін бақылау камераларын орнату жұмыстарын жүргізудеміз. Болашақта камералар бүгінгі күннің талабына сәйкес мешіттің барлық территориясын қамтитын болады. Біз мешіттің әрбір жамағатының қауіпсіздігін сақтауымыз қажет» дейді бас қазы.

Мешіт бүгінгі жұма намазында салтанатты түрде ашылады. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: