26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Наиб мүфти Иранның Мәдени өкілдігі жетекшісімен жүздесті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

ҚМДБ-ның наиб мүфти, «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігі жанындағы Мәдени өкілдігінің жетекшісі, доктор Асғар Сабери мырзамен кездесті» деп хабарлайды Muftyat.kz.

Кездесу барысында екі ел арасындағы рухани-мәдени байланыс жөнінде сөз өрбіді. Иран өкілі Асғар Сабери жыл сайын халықаралық деңгейде ұйымдастырылатын Құран көрмесіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының белсенді түрде қатынасып келгені үшін алғысын айтты. «Қазақстан мен Иран арасында ынтымақтастықты арттыратын ортақ құндылықтар көп», – деді ол.

Ресми кездесуде Наурызбай қажы Өтпенов мұсылмандардың ауызбіршілігін арттыру қажеттігін қозғады. «Біздің Елбасы Иранға бірнеше рет сапармен барды. Осыған дейін рухани салада сіздің елде бірқатар кездесулер мен конференциялар ұйымдастырылды. Бұл басқосулар мұсылман үмбетінің бірлігін нығайтуға септігін тигізді. Иранда тұрып жатқан қандас қазақ бауырларымыз да бар. Оларға қажетті әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіліп келе жатқанына қуаныштымыз», – деді кездесуде наиб мүфти Н.Тағанұлы. 


 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: