26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Əлемдік жəне дəстүрлі дін жетекшілерінің V съезі өтеді

Ел іші
Жарнама

Бүгін Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің бесінші съезді қарсаңында ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов пен Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин қатысты.

Брифингте ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Əлемдік жəне дəстүрлі дін жетекшілерінің съезін шақыру туралы бастамасының мән-маңызына тоқталып өтті.

«Съезд жұмысына 42 елден құрамында аса беделді дін өкілдері мен саяси қайраткерлері бар 80-нен астам делегация қатысады деп күтілуде. Съездің күн тəртібінде "Бейбітшілік пен даму жолындағы дін жетекшілері мен саяси қайраткерлер диалогы" тақырыбы бойынша мəселелер қаралады» деді ол.

Дәстүрлі дін жетекшілерінің басын қосатын айтулы съезд маусым айының 10-11 аралығында өтеді. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: