26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти: «Имамдар – шешендік шеберлігінен өтуі тиіс» (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Алматыдағы Имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында екі ай білім шыңдаған дін қызметкерлеріне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, ,ас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы арнайы куәлік табыстады. Бұл жайында ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазіргі уақытта имамдардың білім деңгейінің жоғары болуы өте маңызды. Бұл – заман талабы. Шариғат таза бұлақ тәрізді болса, оның бастауы – мешіт. Сол үшін де мешіт имамының жан-жақты білімді болғаны жөн», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Бас мүфти бұқараның рухани ұстазы саналатын имамдардың көркем сөзді сүзе білер шешен, рухани тұлға болып қалыптасуы үшін Ислам институтында арнайы «Шешендік өнер» пәнін енгізілетіні жайында айтып өтті.

Айта кетейік, республика көлемінде 67 дін қызметкері Ислам институтында екі айлық курстан өтіп, фиқһ, ақида, халал стандарттау бойынша білікті мамандардан дәріс алды.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: