07
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Сенбі күніндегі сенбілік

Ел іші
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары Діни басқарманың тапсырмасы бойынша Астана қаласының мешіттері сенбілік өткізді. Айтар болсақ, Елорданың орталық мешіті «Нұр Астана», «Әзірет Сұлтан» және «Әлжан ана» мешіттерінің жамағаттары Астанадағы Астрахан тас жолының бойындағы мазарда, «Сәдуақас қажы Ғылмани», «Қунта қажы» және «Әс-Саләм» мешіттерінің жамағаттары «Жастар» шағын ауданындағы бейіттерде тазалық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, «Төлебай» мешітінің жамағаты Интернациональный тұрғын алабындағы екі зиратты тазалады.

Мұсылмандық дәстүрге сай әрбір мазардағы сенбілік жұмыстары Құран оқып, марқұмдарға Алла Тағаланың рахметі мен жарылқауын тілеуден басталды. 

Аталмыш сенбілікке мешіт қызметкерлері, медресе шәкіттері және мешіттердің намазхан жамағаттары, жалпы саны 300 жуық адам белсене ат салысты.

 

Бөлісу: