26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Елбасымен бірге – жаңа жеңістерге» атты жастар форумы өтті

Ел іші
Жарнама

Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен «Елбасымен бірге – жаңа жеңістерге» атты жастар форумы өтті.

Бірлігімізді тұмардай сақтай білсек, еліміз үшін алынбайтын ешқандай биік белестер жоқ. Форум барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді.

«Біз бабалардан мирас болған атамекенімізді тәуелсіз ел етіп, тұрмысы шалқып, түтіні түзу ұшқан бақуатты мемлекетке айналдырып, дүниежүзіне еліміздің бар екенін білдірдік. Қазақтың бар екендігін білдірдік. Тұрмысы шалқып, түтіні түзу ұшқан мемлекетке айналдырдық. Татулықты тұрақтылықтың және тұрақтылықты дамудың тұғыры ете білдік. Біздің ең негізгі жетістіктеріміздің басы – бірлік болып саналады. Бірлігімізді тұмардай сақтай білсек, еліміз үшін алынбайтын ешқандай биік белестер жоқ», - деген Н.Назарбаев алға қойған мақсаттарға қол жеткізуде әр азамат, әсіресе жастар өзіне жүктелген тарихи жауапкершілікті сезіне білуі қажет екенін атап өтті.

Айтулы форумға республика өңірлерінен «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, мәслихаттардағы жас депутаттар, кәсіпкерлер, ғалымдар, белгілі спортшылар және жастардың ірі ұйымдарының лидерлерінен құралған 2000-нан астам адам қатысты. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: