26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қажылар елге оралуда (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Сауд Арабия Корольдігінің Қажылық министрлігі жаңа айдың бір күн кеш көрінуіне орай барлық ұшақтардың ұшу кестесін бір күнге шегеру туралы шешім қабылдаған болатын.

Осыған байланысты Жидда халықаралық әуежайында барлық елден келген қажылар үшін жаңа ұшу кестесі бекітілді. Енді отандастарымыз бекітілген ұшу кестесі бойынша елімізге оралауда. Бұл туралы ҚМДБ қажылық миссиясы хабарлап отыр.

Бұдан бұрын әрқайсысында 274 жолаушысы бар 3 ұшақ елімізге ұшып келген. Ал, бүгін Жидда-Алматы бағыты бойынша сыйымдылығы 274 адамдық тағы бір ұшақ жолға шықты.

Қазіргі уақытта Жидда әуежайында кезегін күткен отандастарымыз жоқ. Ол жақта еліміздің қажыларына ҚМДБ қажылық миссиясы қызмет етіп, қажылар қонақ үйлер мен қажетті ас-сумен қамтамасыз етілген.

Еске сала кетсек, биыл тұңғыш рет Алматы-Жидда бағыты бойынша тікелей рейс ашылды. 


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: