26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Дін өкілдерінің Қытай Халық Республикасына сапары нәтижелі болды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қытай Халық Республикасының шақыруымен 23-31 мамыр күндері Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов бастаған Қазақстандық діни бірлестіктер өкілдерінен құралған делегация ресми сапармен болып қайтты. Аталған топ құрамында ҚМДБ-ның найб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы да болды.

Ресми сапардың екінші күні вице-министр Марат Әзілханов бастаған делегация Пекин қаласында Қытай Халық Республикасының Дін істері жөніндегі мемлекеттік басқармасының басшысы Ван Цзоаньмен кездесті.

Тараптар кездесу барысында дін саласындағы өзекті мәселелер туралы пікір алмасып, мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастар мәселелерін талқылады.

Ресми сапар аясында ҚМДБ-ның найб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы бірқатар маңызды кездесулер жасады. Атап айтқанда 26 мамыр күні Пекиндегі мыңжылдық тарихы бар «Нюцзе» мешітінде және Ислам институтында болды. Ислам институтының тыныс-тіршілігімен танысты. Діни өкілдік басшысы Musa Chen Yulong және Институт басшысы Shamsuddin Min Chang мырзалармен  кездесу барысында елімізде Діни білім беру саласында жүргізіліп отырған жетістіктер, «Нұр Мүбәрак» Ислам мәдениеті университеті жағдайы, ҚМДБ-ның имамдарға арнаулы орта кәсіптік білім беретін тоғыз медреселері туралы мәлімет берді.

Мамырдың 28 күні Қазақстандық делегацияның жұмыс сапары Қытай Халық Республикасының экономикалық орталығы болып саналатын 24 млн. халқы бар Шанхай қаласында жалғасты. Сапар аясында Шанхайдың Діндер мен ұлыстар ісі жөніндегі Комитет басшыларымен кездесті. Осы күні найб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шанхайдағы «Xiaotaoyan»мешітінде жұма намазын оқып, мешіт имамы Jamaluddin Guo Li Zhongмырзамен кездесті. Сондай-ақ, осы күні өз өтініштері бойынша Шанхай қаласында оқып жатқан Қазақстандық студенттердің «Қазақстандық студенттер қауымдастығы» (KSAS) өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында білім жолында жүрген Қазақстандық студенттерге ҚМДБ-ның қызметі, Қазақстан имамдарының бірінші форумында қабылданған «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты құжаттарын таныстырып, студенттердің бірқатар сұрақтарына жауап берді.Сұхбат кезінде келе жатқан қасиетті Рамазан айының ерекшелігі, Отан алдындағы аманат, шүкірлік ету, білімге ден қою, сабырлық турасында насихат айтып, туған Отаннан жырақта жүрген жастарды жігерлендірді.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов бастаған қазақстандық діни бірлестіктер өкілдерінен құралған делегацияның сапары барысында Қытай тарапы конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделіне қызығушылық танытып, жаһандық диалог алаңы ретінде берік орныққан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің діндер мен мәдениеттер арасындағы әлемдік деңгейдегі өзара түсіністікті нығайту жолындағы мәні мен маңызына жоғары баға берді. Қос тарап алдағы уақытта екі жақты  мәдени және рухани  саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екендерін білдірді.

 

«Нұр Астана» орталық

мештінің баспасөз қызметі

Бөлісу: