26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мүбәрак кеште бас қосты (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қасиетті Ережеп айының жиырма жетінші түніне сәйкес келетін миғраж түні қарсаңында "Нұр Астана" мешіті сауабы мол қасиетті айда ораза ұстаған мүмін жандарға арнап дастархан жайды. 200-ден аса жамағат жиылып, қадірлі кеште ғибратты уағыз,  салиқалы әңгіме айтылды.

Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астанадағы өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітінде көпшіліктің басын қосып, салиқалы отырыс жасау ізгі бір дәстүрге айналып отыр.

Ақшам намазынан соң ұйымшылдықпен зәулім мешіт төрінде, ақ дастарханда бас қосқан жұртшылыққа ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, "Нұр Астана" мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы Ережеп айындағы қасиетті Миғраж түнінің мән-мағынасы туралы айтып өтті. «Әлем мұсылмандары үшін мүбәрак болған миғраж кешінде жүздесіп, мағыналы мәжілісте жиылып отыруымыздың өзі Алланың берген нығметі. Қасиетті үш айдың алғашқысы - Ережеп айында исра мен миғраж оқиғалары болғанын көзі қарақты иісі мұсылман баласы біледі. Қасиетті уақыттарда ұстаған оразаларыңызды, ғибадат-құлшылықтарыңызды Алла тағала қабыл еткей» деп Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатқа қайырлы кештің қадір-қасиетін еске салды.

Бүгінгі кеште Бас имам мен мешіт жамағаттары бір дастархан басынан дәм татып, ислам құндылықтары жайында әңгіме өрбітті. Отырыс барысында "Нұр Астана" мешітінің наиб имамы Абдусамат Махат қасиетті уақыттар мен ондағы ғибадат, құлшылықтардың мән-маңызы жөнінде әсерлі уағыз айтты. Шариғат құндылықтары төңірегінде әңгіме өрілген кеште Бас имам Наурызбай қажы Тағанұлы бүгінгі уақыттағы ең басты құндылық – ауызбіршілік екенін қаперге салып, ағайын арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақты бекем ұстануға шақырды.

 

"Нұр Астана" орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: