26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Майдангер қарттар мен тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Елорда іргесіндегі «Төлебай» мешітінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығына орай рухани шара өткізілді. Жергілікті ардагерлер одағы өкілдерінің, «Нұр Отан» партиясы мен Мәслихат депутаттарының қатысуымен өткен игі шарада майданда от кешіп, тылда еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсетілді.

«Төлебай» мешітінің бас имамы Ибрагим Келдібайұлы қарт майдангерлерді осынау Ұлы мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. «Сіздердің кешегі сұрапыл соғыста көрсеткен қайсар ерліктеріңіз бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес тарих, өмірлік өнеге, үлкен сабақ. Бүгінгі болашағымыздың осындай бақытты, бостан, азат та бейбіт болуы сіздер өткен өткелдерге, жаужүрек қайсарлықтарыңызға тікелей байланысты. Сол себепті бүгінгі буын, ұрпақтарыңыздың атынан сіздерге бас иіп, құрмет көрсетеміз. Алла дендеріңізге саулық, есендік берсін» деді Ибрагим Келдібайұлы.

Салтанатты құттықтау рәсімінен соң 44 мектеп оқушылары арнайы концерттік бағдарламасын қойып, ән мен жырдан шашу шашты. Арнайы мерекелік дастархан жайылып, майдангерлер мен тыл ардагерлеріне ас берілді. Алланың кәләмі – қасиетті Құран аяттары оқылып, батыр баба рухына дұға жасалды.

Ел ертеңі үшін өмірін қиған қайсар жауынгерлер алаңына гүл шоқтары қойылып арнайы құрмет көрсетілді.

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: