26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құрметті жамағат, ардақты ағайын!

Мешіт тынысы
Жарнама

Ислам – бейбітшілік пен мейірім тұнған дін. «Өзіңе қалағанды өзгеге де тіле» қағидасына берік мұсылман үмметі пайғамбар өсиетін қай заманда да жадында ұстайды. Ел ішінде, әлеуметтің ортасында орын алатын жайларға астаналық жамағат осыған дейін де әрқашан үн қосып, көппен бірге қайырымы мол істерге қол созып келеді.

Астана мешіттерінің Ақмола облысында су тасқынынан жапа шеккен отандастарымызға арналған «Қайырымдылық керуені» атты асарын бірлесіп асыруға шақырамыз.

Мамыр айының 8-11 күндері аралығында Астана мешітерінде азық-түлікпен және қаржылай көмек жиналып, 12 мамыр күні Елорда мешіттері имамдарынан құралған арнаулы топ жиналған көмекті ақмолалық тұрғындарға тапсыруды жоспарлауда.

Қайырымы мен қайтарымы бір Алладан болатын асар акциясынан қалыс қалмаңыздар,  әлеумет! 

 

Толық мәлімет алу үшін 87022757705.

Бөлісу: