26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қарттарым жүрсін дін аман...

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгінгі болашағымыз үшін жастығын берген ардагер қариялар – қандай құрметке болсын лайықты жандар. Жалынды жастығын уақыт жүктеген жауапкершілікке алмастырған қайсар батырлар қатары жыл өте сиреп барады.

Бүгін осы қаһарман қарияларды ұлы мереке – Жеңіс күніне орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы майдангер Тұрсынбай ақсақалдың үйіне құттықтай барды. Мерекелік сый-сияпаты мен гүл сыйлап, ардагер-ақсақалға ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық лебізі мен сәлемдемесін жеткізді. Сонымен қатар наиб мүфти Наурызбай қажы ақсақалға ҚМДБ-ның халық игілігі үшін атқаратын ізгі шаралар жайында әңгімелеп берді.

«Ұрпақтың азаттығы, елдің ертеңі үшін кешегі қан майданда от кешкен жылдар бүгінгі буын – біздің, халықтың жадынан еш өшпейді. Алла дендеріңіздің саулығын беріп, қарттық шақтарыңыздың қайырлы, берекелі болуын үзбегей. Аман жүріңіздер» деді өкіл имам. Қарт майдангер өз кезегінде бүгінгі буынның ардагерлері ұмытпай құрметтеп жатқанына қуанышты екенін айтып, разылығын білдірді. Ақ батасын беріп, дұға етті. 

1943 жылы соғысқа аттанған Тұрсынбай Момынқұлов Берлин түбіндегі ұрыстарға дейін қатысқан. Бүгінде өзінен тараған 9 баладан 31 немере сүйіп отыр.

Айта кету керек, Елорда мешіттерінің имамдары өзге де ардагерлерді ұлық мейраммен құттықтап, әрбіріне мейрамға сай естелік сыйлады.

 

 

Бөлісу: