01
Жұма,
Қараша

һижри

Қарттарға қамқорлық танытты (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Рамазан айында мұсылман қауымының ынтымақ-бірлігі артып, қайырымдылық жасау үрдісі кеңінен таралады. Бұл айдың өзіне тән сауапты істерінің бірі – ауызашар дастарханын жайып, көпшілікті тамақтандыру, ауызы берік жанға ас беру.

ҚМДБ наиб мүфтиі, Астана қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы қала мешіттерінде жылдағы үрдіспен қайырымдылық шаралары жалғасып, қасиетті айда оның қатары көптеп ұйымдастырылатынын айтқан болатын. Сонымен қатар, әртүрлі әлеуметтік мекемелерде де ауызашар кештері өткізіледі.

Осындай ауызашар дастарханы кеше Астана қаласындағы Қарттар үйінде өтті. Шараға орталық мешіттің наиб имамы Руслан Байзақов пен ұстаз Ілияс Отаров қатысып, Рамазан айының қадір-қасиеті туралы көркем уағыз жүргізді. Дін қызметкерлері қарияларға мешіт тарапынан әрдайым көңіл бөлінетінін, олардың қажеттіліктері мен өтініш-тілектерін орындауға дайын екендіктерін айтты.

Ораза кешіндегі шара барысында игі тілектер айтылып, ән мен жыр да тарту етілді. Сонымен қатар, мешіт атынан қарияларға Рамазанның арнайы сый-сияпаттары берілді. Қарттар өз кезегінде үлкен ізет-құрмет көрсетіп қызмет қылған имамдарға риясыз көңілмен разылықтарын білдірді.

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: