26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қарағанды су апаты: Қайырымы мол істен қалыс қалмайық, әлеумет!

Мешіт тынысы
Жарнама

Ислам – бейбітшілік пен мейірім тұнған дін. «Өзіңе қалағанды өзгеге де тіле» қағидасына берік мұсылман үмметі пайғамбар өсиетін қай заманда да жадында ұстайды. Ел ішінде, әлеуметтің ортасында орын алатын жайларға дін қызметкерлері қашанда үн қосып, елмен бірге жасасып келеді.

Айтып келмейтін табиғат апаты – су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысы халқының жай-күйі, мұң-мұқтажы Елорда имамдарының назарынан тыс қалмады. ҚМДБ-ның Астана қаласындағы өкілдігі, «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастырғалы отырған «Қайырымдылық керуені» атты шарасы осы мақсатты көздеп, Астана тұрғындарын асарға шақырады.

Осы орайда ү.ж. 17 сәуірі күні, бүгінгі жұма уағызында «Нұр Астана» имамдары намазға жиылған жұртшылыққа қайырымдылық акциясының мән-маңызы мен мақсаты туралы кеңінен баяндап, қала мешіттерінде Қарағанды өңіріндегі ағайын-жұртқа жәрдемдесу үшін арнайы қоғамдық пункт ашылатындығын хабарлайды. Бұған қоса, 17-20 сәуір аралығында мешітке келген халық пен сайт беттерінде оқырман қауымға сауапты шара туралы насихат жұмыстары ұйымдастырылмақ.

Ал, мешіттерде ашылатын қоғамдық пункт арқылы жиылған тұрмыстық керек-жарақ заттары (көрпе-жамылғылар, төсек-орын тыстары, азық-түлік, киім-кешек, т.б.) 21 сәуір, сейсенбі күні Елорда мешіттері имамдарынан құралған арнаулы топтың қатысуымен Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккен отандастарымызға жіберілетін болады. Қайырымы мен қайтарымы бір Алладан болатын асар акциясынан қалыс қалмаңыздар,  әлеумет! 

ummet.kz-ақпарат

 

 

 

Бөлісу: