Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешіті өз шәкірттері мен жамағатының діни ілімдерін арттыру бойынша уағыз-насихат жұмыстарын қарқынды түрде жүргізіп келеді. Осы мақсатта мешітке белгілі дінтанушы ғалымдар мен білікті имамдар шақырылып, ақшам намазынан соң арнайы кездесулер ұдайы ұйымдастырылып келеді, деп жазады Muslim.kz.
Кеше осындай кезекті кездесуге «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Төлеби Оспанов келіп, мешіт шәкірттері мен жамағатына «Тыныштық – Тәңір тартуы» тақырыбында уағыз айтты.
Төлеби Оспан бейбіт өмірдің мән-маңызы жайында айта келе, жақсылықтың бағасын сезініп, ынтымағымыз мен тыныштығымызды қадірлей білуге шақырды. Имамның уағызын мешіт шәкірттері мен жамағаты ерекше ықыласпен ден қоя тыңдады. Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласып, білікті маманның көпшіліктің көкейінде жүрген түйткілді мәселелерді тарқатып берумен аяқталды.
ummet.kz-ақпарат