01
Жұма,
Қараша

һижри

Қасиетті айда бас қосты (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Кеше қасиетті үш айды сүйіншілеп Ражаб айының келуіне орай, «Әлжан ана» мешітінде қала және кент жамағатының қатысуымен іс-шара өтті.Жиналған жамағатқа дастархан жайылып, ас берілді.

Айтулы шараға арнайы шақырылған «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазан жамағатты қасиетті айлардың басталуымен құттықтап, Рамазан, Шағбан және Ережеп айының қасиеті жөнінде мазмұнды уағыздар айтты. «Асыл дініміз адамзатты әр уақытта бірлікке, ынтымақта өмір сүруге шақырады. Бүгіндей дініміздегі атаулы күндерде осылайша бас қосуымыз да осы еліміздегі мамыражай бейбіт өмірдің арқасында. Алла бізді осы ауызбіршілігімізден ажыратпасын. Ал қасиетті айлардың бастауы Ражаб айының орны мұсылман жамағаты үшін айрықша. Осы айда Ұлы Жаратушыдан «ұялу, имену, ұлылығына бас ию, ашуынан қорқу, тағзым ету» момын жанға мол сауап берер амалдар саналады. Тарихқа көз салсақ, бұл ай ислам келгенге дейін де қадірді болған, дін жеткеннен соң құрметі тіптен артты. Бұл айда жақсылық, ізгі істер жасаудың да маңызы өте зор» деді Нұрлан Бекболатұлы. 

Мешіт имамы Қуаныш Сәбит қасиетті айларда, әрбір бейсенбі сайын осындай кездесулер жасап, салиқалы отырыстар ұйымдастыру, көкейде жүрген көп сұрақтарға ортақ жауап іздеуге ұсыныс жасады. Бұл ұсыныс жамағаттың қызу қолдауына ие болды. Отырыс барысында жалпы жамағат көптеген сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды.

Айта кетсек, бүгінде өңірлердегі дін насихатына ден қойылып, Жергілікті ақпараттық насихат тобы (ЖАНТ) қарқынды жұмыстар жүргізіп келеді. Астана қаласындағы ЖАНТ-ға жетекшілік ететін Н.Рамазан насихат жұмыстары тек әлеуметтік, білім мекемелерінде ғана емес, аймақтардағы мешітте, жергілікті жамағаттар арасында да кеңінен жүргізілетінін айтып өтті.

 

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: