27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Игі шараның шарапаты (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Тағдыр тауқыметін тартып, дертке шалдыққан отандастарымыздың басына түскен ауыртпашылықты иісі мұсылман, жаны қазақ әр адам бірге көтеріп, қайғы-мұңын бірге бөліседі. Қал-қадарыңның келгенінше қол ұшын созып, жақсылық жасау да Алла алдында абыройлы іс.

 Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қоғамдағы осындай кембағал жандарға көңіл бөлуді жіті назарында ұстап, игі істерге ұйытқы болып келеді.

Осынау ізгіліктің жалғасы ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының қолдауымен елордада жалғасын тапты. Атап айтқанда, Астана қаласының имамдары шаһардағы мүмкіндігі шектеулі жандарға рухани және материалдық қайырымдылық демеушілік танытты. Игі шара барысында 69 отбасыға 1 тонна 50 кг (690 000 мың теңге) тұрмыста аса қажеттіазық-түлік пен ет жеткізілді. Олардың ішінен 23 отбасыға 161 000 мың теңге қаржылай көмек берілсе, 6 мүгедек жанның емделуіне 165 000 мың теңге қаржылай көмек көрсетілді. Жалпы саны 1 млн 16 000 теңге қаражат қайырымдылық жолында жұмсалды.

Иә, олар әрқашан жылы сөзге, материалдық қолдауға мұқтаж. Осыны ескерген дін қызметкерлері көңілі кемшін жандарға рухани һәм материалдық қолдау білдіре білді. Олар да өз ретінде мешіт имамдарына алғысын жаудырып, қызметтеріне көңіл толатындығын жеткізді.


«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: