27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Жат ағыммен күрес – қоғамдық жұмыс

Мешіт тынысы
Жарнама

Астана қаласы әкімдігі жанындағы Дін проблемаларын зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Ислам және зайырлылық» тақырыбында кездесу өтті.

Жастармен өткен жүздесуге университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен қатар орталық мамандары қатысып, дін саласындағы өзекті тақырыптарды тарқатты. Зайырлы қоғамдағы діннің орны мен мән-маңызы жайында арнайы баяндама жасаған «Нұр Астана» орталық мешітінің ұстазы Марат Бектазинов жастарды сергек ойлы орта қалыптастыруға шақырды. «Зайырлы қоғам – дінсіз орта деген сөз емес. Бүгінгі бейбіт замандағы зайырлылық қағидалары дәстүрлі дінді ұстануға мүмкіндік беріп отыр. Конституциямызда көрсетілгендей, ел азаматтарының ар-ождан, сенім бостандығына ешкім селкеу түсіре алмайды. Заңымыз кепілдік берсе, дін атын жамылған ағымдар адам санасың сарсаңға салып, бүлік тудырады. Біз осындай қоғамға қайшы құбылыстармен бірігіп күресіп, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек» деген М.Бектазинов деструктивті діни топтар туралы маңызды мәліметтермен бөлісті.

Кездесу соңында студенттік кеңес жетекшілері, студенттер мен белсенді жастар тарапынан түйткілді мәселелер жайында сауалдар қойылды. Дін мамандары жергілікті ақпараттық-насихат тобының жұмыс жоспарына сәйкес жастармен жүздесу қаладағы басқа да оқу орындарында жалғасатынын мәлім етті.

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: