27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

«Жұма уағызы» бір жүйеге түсті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан әзірленген «Жұма уағызы» әдістемелік кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Елорда имамдарының жылдық қорытынды есебіне арналған жиын барысында елеулі еңбектің мән-маңызы туралы ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров айтып берді.

«Уағыз-насихат саласы – баршаңызға белгілі, өте күрделі де нәзік, өзектілігін жоймайтын қызмет. Себебі, халық дін кәусарынан имамдар арқылы сусындайды, көңіл көкжиегін, таным-түсінігін кеңейтеді. Бұл кітапта біз бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлының, сонымен қатар діни басқарманың өңірдегі өкілдерінің жаңа уағыздарын топтастырдық» деген Ершат Ағыбайұлы әдістемелік жинақтың имамдардың, дін қызметкерлері мен жалпы мұсылман жұртшылығының діни сауатын арттыруға өлшеусіз үлес қосарына сенім білдірді.

«Бүгін Елбасы Жолдауы жайында дін өкілдері өзекті ой-пікірлерін ортаға салып отырғанын көріп отырмыз. Кез келген елдің ертеңгі күн үшін стратегиялық жоспарлар құратыны сияқты, дін саласында да салмақты бағыт-бағдар жасалады. Бұл еңбекті Діни басқарманың 2020 жылға дейінгі діни білім беруді дамыту тұжырымдамасы аясындағы жемісті жобаның бірі десек болады. Осы уақытқа дейін республика көлемінде өңірлердегі мешіттердегі жұма уағыздарында бір жүйе қалыптастыру керектігіне көз жетті. Осы олқылықтың орнын толтыру, дін саласын бірізді бағытта дамыту мақсатында кітапта бүгінгі күннің маңызды тақырыптарын қамтыған мақалалар жинақталды. Бас мүфти, наиб мүфтилер мен өңірдегі өкіл имамдардың әртүрлі тақырыптағы мақалалары дін қызметкерлеріне үлкен қолқанат боларына сеніміміз мол» деді Е.Оңғаров.

Наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Жұма уағызы» кітабының салтанатты түрде тұсауын кесіп, елорда имамдарына үлестірілді.

  

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: