26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Шаруашылық меңгерушілері бас қосты

Мешіт тынысы
Жарнама

Кеше Астана мешіттерінің шаруашылық меңгерушілерінің басқосуы өтті. Жиын барысында «Нұр Астана» орталық мешітінің іс басқарушысы Ибраһим Сматаев шаруашылық меңгерушілерінің бүгінгі күнге дейінгі атқарған іс-шараларымен танысты. Мұнан кейін алдағы уақытта жіті көңіл бөлінуі тиіс төмендегідей үш мәселеге тоқталып, міндеттемелердің уақтылы орындалуын тапсырды.

Бірінші мәселе – мешіттердің электр жарықтары, ыстық-салқын су және жылыту жүйелерін шектен тыс артық қолданып, ысырап етпеу. Сондай-ақ, дәрет су мен жарықты қолдану кезінде мешіт жамағаттарына үнемділіктің маңыздылығын түсіндіру. Екінші мәселе – қала мешіттерінің ішкі-сыртқы қауіпсіздігін бақылап, қызметкерлердің жұмыс тәртіптеріне көңіл бөлу. Үшінші мәселе – мешіттердің тиісті заңдық-нормативтік құжаттарын толықтырып, ретке келтіру.

Шаруашылық меңгерушілері бұл басқосудың мешіт жұмыстарын жандандыруда ықпалды болуымен бірге өзара тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік беретінін жеткізді. Сонымен қатар, тапсырылған үш мәселе бойынша өз қызметтеріне жауапты екендіктерін айтып, шаруашылыққа қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: