01
Жұма,
Қараша

һижри

Шәкірттерге тұғырнама таратылды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы ел мұсылмандарының діни саладағы бағыты мен бағдарын айқындайтын негізгі құжаты. Мән-мазмұны зор құжатты халыққа насихаттап, өскелең буын – жастардың санасына сіңіру  қашан да маңызды іс.

 Осы мақсатта «Нұр Астана» орталық мешітінің сауат ашу курсының шәкірттеріне  «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы» атты кітапша таратылды. Мешіт ұстазы Ілияс Отаров мазмұнды құжатты шәкірттерге өз қолымен табыстады. Сондай-ақ, жалпы мазмұнына тоқталып: «Тұғырнаманың басты мақсаты – негізгі діни ұстанымдарды, әсіресе, сенім негіздерінің дұрыс қалыптасуына үндейді. Күнделікті ортада адамдар арасындағы қарым-қатынастың дұрыс (сауда, неке т.б.) реттелуіне, әрбір мұсылманның көркем мінез-құлықпен кемелденуіне және қоғамдық жұмыстарды да жандандыруға ынталандыруда Тұғырнаманың алар орны ерекше» деп, жан-жақты түсіндірді.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы мешіт шәкірттеріне таратылып қоймай, күнделікті сабақ барысында әрбір тарауы дәріс ретінде өткізілетін болады. Тұғырнама алдағы уақытта өзге топта тәлім алып жатқан жүздеген шәкірттерге де үлестірілмек.


«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: