26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Хатым өткен қариларға құрмет көрсетілді (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мешітінде қариларға ауызашар берілді. Айта кетейік, оразаның отыз күнінде Түркия елінің 11 қариы мен өз еліміздің қарилары Құран хатым етті.

 Айтулы кешке ҚМДБ-ның найб мүфтилері Серікбай Ораз бен Наурызбай Тағанұлы және Түркияның Қазақстандағы елшісінің діни істер жөніндегі кеңесшісі Ибраһим Йылмаз  қатысты.

Астана мешіттерінде абыроймен дін рәсімін атқарып, жамағаттың ыстық ықыласына бөленген қариларға «Зекет» қоры 100 000 теңгеден сияпат жасады.

Серікбай қажы Ораз діндес, қандас бауыр ел ретінде жасалып отырған қайырлы іске қуанышты екенін жеткізіп, ат арылтып Астанаға келген түркиялық қариларға алғысын айтты. Наурызбай қажы еларалық ынтымақтастық байланысты осындай ортақ құндылықтар мен қасиетті ұстаным біріктіріп, бірлікке бастайтынын, бұл орайда Түркия мен Қазақ жұрты ежелден бауырлас, түбі бір түркі топырағынан деп білетінін айтып, қариларға арнайы әзірленген сый-сияпатты табыс етті. Өз кезегінде Түркия елшілігінен келген өкіл Ибраһим Йылмаз қазақ халқының қонақжай көңілі мен дархан мінезіне разы болып, алғыс білдірді.


 

«Нұр-Астана» орталық 

 мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: