26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Науқас жандарға ауызашар жасалды (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Кеше «Нұр Астана» орталық мешітінің ұйымдастыруымен Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы емханасында 100-ге жуық адамға арналған ауызашар өткізілді.

Емхана қызметкерлері мен орталықта ем алып жатқан балалардың ата-аналары қатысқан кеште ҚМДБ бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының үндеуі аясында ораза айының құндылығы жайында әсерлі әңгімелер айтылып, сый-сияпат жасалды.

Наиб мүфти, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен осы орталықтағы науқас балалардың орталық және төмен тыныс алу жолдарының ауруларын емдеуге арналған ингалятор медициналық құрылғысын наиб имам Әділхан Серікбай табыс етті. Наиб имам науқас жандардың көңіл-күйін сұрап, ақ дастархан басында дидарласып, асыл дін тақырыбында әңгіме өрбітті.


 

«Нұр Астана» орталық 

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: