26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Жарапазан-Party» атты бұқаралық байқау

Мешіт тынысы
Жарнама

Рамазан айының құрметіне «Жарапазан-Party» атты бұқаралық байқау ЕРЕЖЕСІ

 1.    Жалпы жағдай

1.1.        «Жарапазан-Party» атты байқау (ары қарай – Байқау)  жалпыхалықтық бұқаралық шара болып саналады;

1.2.        Байқау қасиетті Рамазан айының қарсаңында ұйымдастырылады;

1.3.        Байқау туралы ақпарат алдын-ала www.ummet.kz сайтында жарияланады;

1.4.        Байқауға Астана қаласының кез-келген тұрғыны қатыса алады.

 

 

2.    Байқаудың мақсаты мен міндеттері

2.1.        Қазақ хандығының 550 жылдығы мен ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жариялаған «Дін мен дәстүр» жылдары аясында бұқара халық арасында ұлттық құндылықтарымызды, дәстүрімізді насихаттап, дәріптеу;

2.2.        Ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру;

2.3.        Халықты он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының келуімен сүйіншілеу;

2.4.        Оразаның рухани-моральдық, этикалық қасиеттерін насихаттау;

2.5.        Жалпы адами құндылықтарды, гуманизмді және толеранттылықты қалыптастыру.

 

3.    Байқаудың өту кезеңі

3.1.        Байқау 2015 жылдың 20 маусымы мен 19 шілде күндері аралығында өтеді;

3.2.        Байқауға ұсынылған жұмыстар ү.ж. 20 шілде күні қорытындыланады.

 

4.    Байқауға қатысу талаптары

4.1.    Байқауға жекелеген адамдар, шығармашылық топтар, студенттер мен мешіт шәкірттері, жалпы жамағат қатыса алады;

4.2.   Байқауға қатысушылар классикалық немесе жаңарған заманауи жарапазан мәтінін ұлттық музыкалық аспаптардың немесе басқа да музыкалық құралдардың сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеусіз халық арасында флеш-моб форматында орындап, бейнетаспаға түсіріп, WhatsApp әлеуметтік желісіндегі +77074467695 номеріне немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.хат қоржынына жолдауға, сондай-ақ, Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі «Нұр Астана» орталық мешітінің @ummetnews және @Үммет Ақпарат жеке парақшаларына сілтеме жасап немесе #жарапазан2015 хеш-тегі арқылы орналастыруға болады.

 

5.    Жүлдегерлерлі марапаттау

5.1.        Байқау барысында 1-2-3 орын алған орындаушылар ақшалай және заттай сыйлықтармен марапатталады.

 

6.    Қосымша мәліметтер алу үшін

 

6.1.        + (7172) 44-58-48, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Бөлісу: