Басқа планеталарда аспан денелерінде өмір бар ма, жоқ па? – деген сұраққа астрономдардың көпшілігі «тіршілік болуы мүмкін», дегенді қуаттайды. Олардың тіршілігі, өмірі, жердің өмірімен ұқсас дейді. Мысалы ғарыштық аппараттар арқылы Марстағы ауаның температурасын жердегі формаға жақын және Марста адамдарға қажетті оттегі және су бары анықталды. Бұл компоненттер (құрамды заттар) органикалық тірі мақлұқаттардың пайда болуымен өмір сүруінің қажетті шарттары болып табылады.
Кеңес Одағы және Америка ғалымдары бір ауыздан Марста (Марс күн жүйесіне кіретін тоғыз планетаның бірі) тіршілік бар екендігін мақұлдағанын білеміз.
«Исра» сүресінің 55-ші аятында былай делінеді:
وَرَبُّكَ أَعْلَمُ بِمَن فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ
Яғни, «Пенденің жер мен көктегі ахуалы тек Аллаға аян». Аталған аятта басқа да планетада пенделердің тіршілік ете алатынына ишара бар екенін аңғарамыз.
(Материал Б. Өткелбаевтың «Ислам және ғылым» кітабы негізінде дайындалды)