Ибн Әл-Хасан Әл-Уаррақ Әбу Османнан сұхбаттасу әдебі жайында сұрағанда ол былай деп жауап береді:
«Аллаһ Тағаламен болған сұхбат әдептілікпен болады. Нәбимен (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) сұхбат ілім іздену және оның сүннетін ұстанумен болады. Әулиелермен – құрметтеу және оларға қызмет көрсетумен болады.
Бауырларыңмен – оларды қуандырып разы етумен әрі оларға қабақты түймеумен… Надандармен – оларға рахмет көзімен қараумен және Аллаһ Тағаланың саған берген нығметін мойындауыңмен.
Өйткені,Хақ Тағала сені олар сияқты етіп қоймады. Сондықтан да Жаратушы Иеден сені надандық бәлесінен сақтауын тіле!»
Бөлісу: