26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ешкім саған зиян келтіре алмайды, егер...

Ғибратнама
Жарнама

Абдулла ибн Аббас (р.а) былай дейді: "Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) артында келе жатқанда маған:

– Ей, балақай! Мен саған мына сөздерді үйретемін: Алланы (тіліңде, жүрегіңде) сақта, сонда Ол да сені сақтайды. Алланы сақта, сонда оны алдыңнан табасың. Бірдеңе сұрасаң, Алладан сұра. Жәрдем тілесең, Алладан тіле. Бүкіл халық жиналып, саған бір пайда келтірмек болса да, тек Алла жазған нәрсені ғана келтіре алатындығын және олар саған бір зиян келтірмекке жиылса да, тек Алланың жазғанын ғана келтіре алатындығын білгейсің. Қаламдар көтерілді, парақтар кеуіп кетті (яғни, тағдыр тақтасына бәрі жазылды)",-деді. (Тирмизи).

Қасиетті хадистердің көпшілігінде тілекті бір Алладан ғана тілеу керектігі баса айтылған. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) егер құлдары ықыласпен тілек тілесе, Құдай Тағаланың олардың тілектерін жауапсыз қалдырмайтындығы туралы айтқан. 

«Дін мен дәстүр» кітабынан

Бөлісу: