26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Бәріміз Алладан келдік, Аллаға қайта ораламыз»

Ғибратнама
Жарнама

Хазірет Үмму Сүйләйім ары таза, тәрбиелі, иманы берік әйел болатын. Құшағындағы баласы дүние салғанда, асқан бір сабырлылық танытып мәйітті өзі жауып, кебіндеген соң, үйдің бір тұсына апарып қойған күйі көршілерге қарап:

 

– Әзірге әкесіне хабар бермеңдер! - деп қатаң табыстады. Әкесі Әбу Талха кеш бата үйге келіп, ауырып жатқан баласының жағдайын сұрайды. «Сен кетердегіден әлдеқайда тәуір», - деп жауап брді әйелі. Екеуі бірге ас ішті. Әңгімелесіп отырғанда хазірет Үммү Сүләйім күйеуінен: «Әбу Талха», -  деді көзіне көзін қадаған күйі, – Қарызға алған нәрсені қайтарған жөн бе, жөн емес пе?

– О не дегенің? Әрине, қарызды міндетті түрде қайтару қажет.

– Олай болса, Алла Тағала саған аманаттаған ұлын өзі қайтарып алды!

Бұл сөзді естіп күрсінген Әбу-Талха бар-жоғы:

– Бәріміз Алла Тағала үшін жаратылдық. Ерте ме, кеш пе түбінде соған қайтамыз, - деп Жаратушының ісіне ризашылықпен мойынұсынып, көнгеннен басқа артық қылық жасамады.

Таң атқанда мән-жайды Пайғамбарымызға (с.а.с.) барып баяндады. Пайғамбарымыз қолын жайып: — Уа, Жаратқан! ӘбуТалханың осы бір өнегелі ісін оған екі есе ғып қайтара гөр! – деп дұға етті.

Айтқандай-ақ, тоғыз ай он күн өткенде Әбу Талханың үйі шаттыққа бөленіп, әйелі шекесі торсықтай ұл тапты. Атын «Абдуллаһ» деп қойды. Пайғамбарымыздың өнегесін алып өскен Абдуллаһ кейіннен Исламға аянбай қызмет еткен ұлы тұлғалардың біріне айналды.

Пайғамбарымыз (с.а.с ) бір хадисінде: «Қандай да бір пенденің басына бір қиыншылық келсе: «Барлығы Алладан келді және Аллаға қайта оралады. Уа, Алла тағалам, бұл тартқан қиыншылығым үшін маған мол сауап жаза гөр. Соңын қайырлы ете гөр!» десе, Алла Тағала оның бұл қиыншылығы үшін мол сауап жазып, соңын қайырлы етеді» деген.

Бөлісу: