26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Қарақшыдан қалғанды, көріпкел алады»

Ғибратнама
Жарнама

Ертеде бір жігіт болыпты, күнделікті өміріне жеткілікті байлығы бар және өзінің ерекше жақсы көретін сандығы болыпты. Ол сандықтың ішініе бағалы заттары мен алтын, күмістерін сақтайды екен.

Жігіт бір күні көрші ауылға барып, түнделетіп кеш кайтады. Есігінің ашылып, құлпы бұзылып жатқанын көріп жалма жан үйдегі сандыққа келеді. Қараса аузы ашық, іші бос, ақ ұрып, айқай салады. Көршілері жетіп, сабырға шақырып, уайымдама жақсы із кесушіге айтып, таптырамыз десе, енді бірі: «менде жақсы көріпкекел бар, соган айтамыз, ол дөп басып, кім екенін тауып береді»- дейді.

Ертемен із кесушіні ертіп келіп, болған жайды байандайды, із кезуші тыңдап болып:, «біз сенімен өзіміз хабарласамыз, бізден хабар күт»,- деп кетіп қалады. Бірнше күн өтеді хабар болмаған соң, үмітін үзеді. Есіне көршісінің сөзі түсіп, үйіне қарай асығады. Оған келіп: «Сен танитын көріпкелді айт мен барайын, мүмкін сол арқылы қарақшыларды табармын», - дейді. Көршісі бір емес екі көріпкелдің мекен-жайын береді.

Бірінші көріпкелге келіп, көп ақша береді бірақ өзі білетін жайтардан артық еш нәрсе білмейді. Екінші көріпкелге келіп: «Мал мүлкімді ұрлаттым сол дүниемді тауып берсең көп ақша беремін» дейді. Өз ісі тек адамды алдау екенін білетін көріпкел: «Жо-жоқ мен бірінші ақша аламын, содан кейн бал ашамын»,-деп келіспейді.

Жігіт көріпкелдердің оны алдағанын және ешбір жанның оған ұрылар туралы хабар бере алмайтынын түсінеді де шыдамай жұдырықтай бастайды. Жұдырық тиген көріпкел: «Мені неге ұрасың?»- деп айқайлайды. Жігіт: «Адамдарды алдамайтындай, өлгеніңше ұрамын. Мүлкімді ұрылар ұрлады, олардан қалғанын сендер, табамыз деп алдыңдар», - деген дауысы естіледі.

Содан бері ел арасында: «Қарақшыдан қалғанды, көріпкел алады» деген мәтел қалыпты. 

Қанат Қалымбет

Бөлісу: