26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ақида дегеніміз не?

Ақида
Жарнама

«Ақида» сөзі араб тіліндегі сөз. оның тілдік мағынасы:«байлау, түйіндеу, топтау» мағыналарын береді, көпшетүрі   «ақаид», «шешу» деген сөздің антонимі.

Терминдік  мағынасы: адамның жаратушысына деген сенімі.

Ал «ислам ақидасының» терминдік мағынасы болса: мұсылман адамның жүрегімен сеніп, болмысымен қабылдауы керек болған дінінің негізі, сенімі. Адам оны еш күмәнсіз қабылдауы керек. Бұның дәлелі Құранның мына аяттары:

إِنَّمَا الْمُؤْمِنُونَ الَّذِينَ آمَنُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ ثُمَّ لَمْ يَرْتَابُوا

«Шын мәнінде мүміндер (иман иелері)  Аллаға және Оның Елшісіне иман келтіріп, сосын күдіктенбегендер» (Хужурат 15),

ذَلِكَ الْكِتَابُ لا رَيْبَ فِيه

«Расында бұл кітап, онда ешбір күмән жоқ» (Бақара 2),

إِنَّكَ جَامِعُ النَّاسِ لِيَوْمٍ لا رَيْبَ فِيه

«Расында Сен күдіксіз келетін бір күнде адамдарды жинаушысың» (Али Имран 9).

Егер оның сеніміне шәк пен күмән араласса онда ол ақида болмайды, ол тек ой ғана болады. Ой туралы Құранда:

إِنَّ الظَّنَّ لَا يُغْنِي مِنَ الْحَقِّ شَيْئًا

«Расында ой, шындыққа қарағанда түкке тұрмайды» (Юнус 36) дейді.

Демек ақида тікелей амал, іс-әрекетпен байланысты емес. Сол сияқты ол күмәні бар нәрсеге де қолданылмайды. Алайда ол мұсылман адамның жүрегімен сеніп қабылдауын қажет ететін Алланың кітабында келген немесе Пайғамбарынан (с.ғ.с) жеткеннақты діни тұжырымдар.

Ummet.kz

Бөлісу: