25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Имам Матуридидің адамзатқа айтар үш ақылы

Имам Матуридидің адамзатқа айтар үш ақылы

Ақида
Жарнама

Имам Матуриди: «Алланы тануда ақыл маңызды рөл атқарады» деп түсінді. Әрине, ол Алланы тануда илаһи ілімді (Құран мен сүннет) жоққа шығармайды.

Десе де, Алла адамдардың өзін ақылмен тануын бұйырған. Алла Тағала бұл туралы Құран Кәрімде: «Күдіксіз көктер мен жердің жаратылуында, адам баласының пайдалы нәрселермен теңізде жүрген кемеде және Алланың көктен жаңбыр жаудырып, жер өлгеннен кейін онымен жандандырудың әрі онда әртүрлі хайуанды таратуында, көк пен жердің арасындағы бағынышты бұлтты басқаруында, әлбетте, ойлаған елге (Алланың барлығына, бірлігіне) белгілер бар» («Бақара», 164) деп ақылмен ақиқатты іздеудің маңызды екенін баяндаған. Еліктеу мен мәжбүрліктен қарағанда Алланы ақылмен саналы түрде тану, иманның шынайы екенін көрсетеді деп ұқты.

Имам Матуриди «Алланы тануда ақыл маңызды рөл атқарады» деп есептегенмен, исламдағы көптеген үкімдердің сырын ұғынуға тек ақылдың күші жетпейтінін мойындайды. Мұндай жағдайда Алланың кәламына сүйене отырып, «үкімдердің мәнін ұғынуға тура келеді» деп пайымдайды.

Имам Матуриди болмыстағы кейбір нәрселердің бойында жаман (кубһ-зат) нәрсенің болатынын мойындайды және ақыл жақсы мен жаманды айыра алады деп түсінді. Осы орайда ол ақылды былай деп жіктеді:

 1. Жақсыны пайымдай алатын ақыл.

 2. Жамандықты айыра алатын ақыл.

 3. Жақсы және жаманды айыра алмайтын ақыл.

 Имам Матуридидің бұл көзқарасы муғтазиланың ұстанымына ұқсайды.

Себебі, муғтазила өкілдері: «Ақылдың жақсы деп танығанын жасауға міндеттісің. Ақылдың жаман деп танығанынан алыс болуға тиістісің» деп пайымдайтын. Имам Матуриди бұл мәселеде Имам Ағзам Әбу Ханифаның ойларына жүгінді. Ол: «Ақыл бір нәрсенің жақсы немесе жаман болғанын анықтай алатын болса да, амал ету үшін үкімді Алла береді. Сондықтан, ақыл діни жауапкершілік мәселесінде кемелді емес. Себебі, діни мәселелердің төресі – Алла» деді. Ал, Имам Әшғари: «Жақсы мен жаманды тек Алла айырып бере алады. Сондықтан, жамандық пен жақсылықты шариғатпен ғана бағамдауға болады» деп ұқты.

материал «Ақида ағымдары» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: