Иман шарттарының алтыншысы– тағдыр мен қазаға, жақсылық пен жамандықтың Алла Тағаланың жаратуымен болатындығына сену.
Діни термин ретінде “тағдыр” мен “қазаның” мағыналары:
Тағдыр: Әлемде болатын құбылыстардың мезгілін, орнын, ерекшеліктерін және қалай болатынын Алла Тағала ежелден біліп, тағдыр етіп, белгілеп қоюын “тағдыр” дейді.
Қаза: Алланың ежелден тағдыр еткен құбылыстарды мезгілі келгенде осы тағдырда жазылғандай жаратуын “қаза” дейді.
Егер қадарды (тағдырды) бір жоспарға ұқсататын болсақ, “қаза” – жоспарға сәйкес сол нәрсенің жүзеге асырылуы. Әлемде болып жатқан және пайда болатын кез келген нәрсе Алланың білуі, қалауы және жаратуымен болады. Одан басқа жаратушы жоқ.
Тағдыр мен қазаға иман келтіру – жақсылық пен жамандықтың Алла тарапынан белгіленіп, уақыты келісімен орындалатынына сену дегенді білдіреді.
материал «Ислам ақидасы» кітабынан алынды,
ummet.kz