01
Жұма,
Қараша

һижри

«Жәннатқа бір кісі ғана кіреді!» десе, «Сол кісі мен бе екен?»

«Жәннатқа бір кісі ғана кіреді!» десе, «Сол кісі мен бе екен?»

Мақалалар
Жарнама

Адам өмірі қорқыныш пен үміт толқындарының ішінде кезіп жүреді. Бір мұсылманның көңілінде қорқыныш пен үміттің өзара бір келісім мен тепе-теңдік ішінде өмір сүруі керек. Себебі, қорқыныштың шеттен шығуы яғни, асыра сілтей қорқыныш үмітсіздікті, ал, ешқандай қорқыныш болмауы, қауіпсіздік, қатерсіздік пен сенім сезімдерін пайда етеді. Сондықтан, Алла Тағаланың азабынан сенімді немесе, керісінше оның рахымдылығынан үмітсіз болуға тыйым салынған. Кәміл мұсылман – бұл екі жағдайдың тепе-теңдігін сақтап жүрген кісі.

Аят кәримада айтылған: «Олардың жамбастары төсектерінен ажырап, (түнде ұйқыдан намазға тұрып), Раббыларының азабынан қорқып, әрі рахымдылығынан үміт етіп, дұға қылады, әрі біз берген несібеден (жақсылық үшін) сарып қылады». (Сәжде, 16-аят)

Нақты түрде үмітсіздікке түсу – кісі өзін бағышталу мен кешірілудің сыртындамын деп ғапылдық көрсетуі. Ал, бұндай ойлау Алла Тағаланың рахымдылығын, құдіреті мен ұлылығын қабылдамауы болып табылады.  Нақты түрдегі үмітсіздіктің қарама-қарсысында тұрған нақты түрдегі қауіпсіздік, қатерсіздік те Алла Тағала ұлы есімдерінің бірі болған «Қаһһар» (Қаһарлы) деген сипатына мән бермеу немесе оның азабын менсінбеуі болып табылады.

Қорыта айтқанда, Алла қорқынышын нақты түрдегі үмітсіздік шекарасына алып келмей, сонымен бірге үмітті де нақты түрдегі сенімділік астына жақындатпай, тепетеңдікті сақтай білу керек. Әйтпесе басымыздан өткен жер сілкінісі сияқты, төтенше оқиғалар бұл тепе-теңдікті сақтауды қиыншылыққа апарып соғады.

Бір мұсылман, «Жәннатқа тек бір кісі ғана кіреді!» делінсе, «Сол кісі мен бе екен?», «Жәһәннамға тек бір кісі ғана кіреді!» делінсе , ол, «Сол кісі мен бе екен?» - деген рухани тебіреністе болуы керек. Алла иләһи қорқыныштарды құлдардың жүректеріне ықпал жасау, оларды нәпсінің қалауларына, әуесқойлыққа бет бұрудан сақтау үшін көктерден түсірген, жерлерден қопарған көптеген апат пен пәлекеттер арқылы ескертіп әрі тәрбиелеуде. Бұл апаттарды табиғи құбылыстың нәтижесі деп ойлау қатты бір ғапылдық, және де өкінішті нәрсе. Белгісіз көкжиектерден бөлініп келген апаттардың мыңдаған кісілердің өлімі мен жаралануына жол ашуы сан жетпес адамдарды бейшара етіп, жалғыз қалдыруы хикметсіз, ғибратсыз емес. Олай болмаған жағдайда дүниеге келіпкетудегі иләһи жоспар мен ұқыптылықтың қисынды мағынасын қабылдау әрі түсіндіру мүмкін болмай қалады. Бұл апаттар, еш күмән жоқ, әлемнің Жаратушысының ұлылығы, құдіреті мен ескертулерінің көрінісі.

Хазіреті Мәулана айтады: «Ішінде жүргеніңіз мына дүние шекаралы әрі фәни. Асылы, мәңгі әрі соңы жоқ ақырет жұрты. Ақыл – есіңді жина да, бұл дүниенің солғын тартқан сұлулықтарын, бәрі-бір бұзылатын түрлері мен әжімделген суреттерін мәңгі әлемге қарсы жан-дүниеңде бір пердеге айналдырма!» «Бұл дүние сенің көзқарасың бойынша не ғүрлым үлкен де шексіз болса, біліп ал, иләһи құдірет алдында ол сол гүрлім бір шаң тозаңындай да жоқ. Көзіңді ашып, дұрыс қара! Жер сілкінісі, дауыл, су апаты, дүниені және оның ішіндегілерін қандай жағдайға келтіретінін!» Міне, дүниемізде болып жатқан тіпті, махшар күнінің кішкентай бір көрінісі ретінде іске асып, адамның үрейін ұшыратып қорқынышты сахналар. Міне жермен - жексен болған ғимараттар! Міне, Хазіреті Пайғамбардың бір қиямет ғаламаты ретінде айтқан кенеттен, түгелдей өлімдер.

Бұлардың бәрінде біз үшін саны жоқ сабақтар мен ғибраттар бар. Сөйтіп, бастан өткен апатты сыртқы себептерден гөрі рухани бір көріністен талдап, ғибратқа толы үлкен бір пәлекетке иләһи тағдыр жағынан қарау және оны материалист көзқарасымен емес, иман мен ислами өлшемдермен баға беру мәселесінде қателеспеу керек. Бүкіл әлем кішкентай әлемнен үлкен әлемге және болашақтағы нормо әлемге дейін иләһи бір жүйе мен ұқыптылықпен бағдарлама жасалған. Күн мен аспандағы көптеген үлкен массалардың қимылдары, бір атомның ішіндегі ең кішкентай болмыстардың айналынулары, сырлы сәулелерге дейін барлығы ақыл-ой, қиял сезімдері жетіп түсіне алмай құдірет ағыстарымен жалғасады. Иләһи еріктің жоспарына әрбір нәрсе мойын иген. Имансыздың өзі Күн жылдамдығының көбейіп-азаюына, тәуліктің 24 сағаттан азайды немесе одан көбейіп кетуіне жорамал жасамайды. Ұжданымен де болса, иләһи еріктің күшін іштей құптайды. Бірақ, нәпсіне беріліп кеткендігінен ақылымен құптамайды да, әлемдегі жүйенің негізгі заң мен қағидаларын «табиғат заңдары» сөзімен, өзінен өзі пайда болған күш-құдірет бұлағы деген жаңылыс түсініктеме беріп ғапылдық істейді. Алайда, бұл қағидалар мен заңдар – қысқаша «Әдетуллаһ»

(Алланың әдеті), немесе «Сүннетуллаһ» (Алланың ісі) деп аталатын ақиқаттар. Еш күмән жоқ, бұл әлем себептер әлемі. Себептердің жаратушысы болған Алла бір нәрсенің пайда болуын басқа бір себепке байланыстырған. Өйткені, иләһи ерік себепсізден-себепсіз, тікелей көрінісін тапқанда, ол көріністің өткірлігіне шыдау мүмкін емес, әрі бұл әлемнің бір сынақ әлемі болу сипаты мәңгілік қалмас та еді. Сондықтан нұрлы парасат иелері себептерге емес себептерді жаратқанға бет бұрады. Иләһи ақиқатты тамашалап, түсіне алмағандар болса, себептер ішінде әуре болып, әрі бері айналып жүреді. Тек физикалық себептерге ғана де яғни, зілзәланың разломына тіреліп қалады.

Хақ Тағала кәпір мен залымдарды жазаландыру үшін кейбір табиғат құбылыстарын бір жүйеде жалғасып келе жатқан иләһи жоспардың сыртында яғни, материалдық және рухани азаптарға байланыстыра отырып, шындыққа айналдырады. Яғни оттың, судың, желдің, және басқа да табиғи құбылыстардың құрамындағы пайдалы сипатын екінші орынға ысырып тастап, оларды бұзып жоятын бір күшке айналдырады. Сол себептен табиғатта орын алып жатқан апаттардың астарындағы тәңір қалауын немесе тәңір рұқсатын көрмеу, бос және көрсоқыр бір бұрышта тіреліп, қалу деген сөз. Бұл ғапылдыққа түскендерді ояту үшін Хазіреті Мәулана былай дейді: «Ұмытпа! Бұл дүние, иләһи құдірет алдында бейне бір сабан шөптей. Иләһи ерік оның кейде мәртебесін көтереді, кейде төмендетеді. Кейде бүтін, кейде шашылып төгілген күйге салады. Оны кейде оңға, кейде солға апарады. Кейде гүлістанға, кейде тікенге айналдырады...» Өйткені Хақ Тағала бұл әлемнің сынақ әлемі болуын мұрат еткен. Сондықтан, бұл әлемде «кәр» мен «ілтипат» сияқты бір-біріне қарама-қарсы екі көрініс жаратқан. Алла Тағаланың құлдарына деген сыйы олардың өз хақы болмағанымен, кейде шынайы дұға мен жалбарыну, садақа сияқты түрлі салих амалдар арқасында да беріледі.

материал «Махаббаттағы сыр» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: