25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әбу Бәкірдің алғашқы хұтпасы

Ислам жұлдыздары

Әбу Бәкір беделді сахабалардың келісімімен бірауыздан халифа болып тағайындалды. Өйткені сахабалардың барлығы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көңіліндегі адам Әбу Бәкір екенін жақсы білетін. Әбу Бәкір халифа болып тағайындалған күннің ертесінде мешіттегі мінберге шығып, халыққа былай деді:

– Ей, әлеумет! Мен араларыңыздағы ең жақсы кісі болмасам да, сіздерге басшы болып сайландым. Құран мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннеті бізге үйретілді. Біз не нәрсе білсек те, соның арқасы… Шамам келмейтін жауапкершілігі ауыр істі еріксіз мойныма алдым. Бұл міндетті абыроймен алып жүре алатын біреудің сайлануын қалар едім. Сіздерге Аллаһтан қорқыңдар деймін.

Аз-кем үнсіздіктен кейін Әбу Бәкір жаңа тыныспен қайта үн қатты:

– Уа, халайық! Міндетімді өз деңгейінде дұрыс орындасын десеңіздер маған қалтқысыз бағынып, жәрдем етіңіздер. Егер жаман жолға бет алсам, тура жолға түсіріңіздер. Туралық – бір аманат, жалған – бір қиянат. Иншаллаһ, араңыздағы ең әлсізі менің қасымда ақысын алғанша – ең күштіңіз, араңыздағы ең күштіңіз де – мойнында біреудің ақысы бар кезде оны иесіне алып бергенге дейін ең әлсізі болады. Мен Аллаһ пен Расулының жолынан ауытқымасам, сіздер де маған бағыныңыздар. Аллаһ пен елшісінің әмірлеріне қарсы келсем, маған бағынбасаңыздар да болады. Өзім және сіздер үшін Аллаһтан кешірім тілеймін. (М. Юсуф Қандыхләуи, Хаятус-сахаба, Бейрут, 1972, 3:317; Табақат, 3:182-183.)

 

«ummet.kz» рухани – ақпараттық порталы

Бөлісу: