26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Парыз не нәпіл ораза ұстаған адам қонаққа шақырылғанда не істейді?

Парыз не нәпіл ораза ұстаған адам қонаққа шақырылғанда не істейді?

Ораза

Қонаққа шақырылған кісі үй иесінің көңілін қалдырмау мақсатында парыз емес, нәпіл оразаны бұза алады.

Бірақ кейінірек қазасын өтейді. Бұған дәлел – Құрандағы: «Амалдарыңды бұзбаңдар» деген аят («Мұхаммед» сүресі, 33-аят). Ханафи мәзһабының ғұламалары бұзылған нәпіл оразаның қазасын өтеу уәжіп екеніне жоғарыдағы аяттан бөлек мына бір хадисті де дәлел ретінде келтіреді: «Айша анамыз (Алла оған разы болсын) былай дейді: «Бір күні Хафса екеуміз нәпіл ораза ұстадық. Бізге бір ас сыйға тартылды. Асқа тәбетіміз тартып оразамызды бұздық. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келгенде Хафса менен бұрын сөзге кірісіп, оған бұл турасында сұрақ қойды. Ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Орнына бір күн ораза ұстаңдар», – деп бұйырды» (Әбу Дәуід).

материал «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: