26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құрмамен ауыз ашудың сыры неде?

Құрмамен ауыз ашудың сыры неде?

Ораза

Адам ағзасына қажетті он элемент құрмада бар.

Күн бойына жоғалтқан дәрумендер құрма арқылы қалпына келеді. Құрмамен қатар, қара су, мейіз, кепкен өрік, бал сияқты нәрлі және от тимеген тағам түрімен ауыз ашуға болады.

Құрма – қасиетті Құранда аталған жемістердің бірі. Хазірет Мәриям Исаға (а.с.) толғатып қатты қиналғанда, Алла тағала мейірім білдіріп, оған құрма жеуді әмір еткен. Бұл жайлы «Мәриям» сүресінде: «Сөйтіп тұрғанда толғақ қысып, құрма ағашына барып сүйенуге итермеледі. «Қап, бұрын өліп, ұмытылып кеткенімде болар еді» деді күйзеліп. Сол сәт (періште) төменнен былай деп дауыстады: «Жабырқама, Раббың асты жағыңнан бір арық жасады. Құрма бұтағын өзіңе қарай сілкіле, үстіңе жас құрмалар түссін. Содан іш, же. Көз айым бол!»» делінген (23-26 аяттар).

материал «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: