25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Хақ Тағаланың: «Уа, мүминдер! Бұрынғыларға[1] парыз етілгендей сендерге де ораза парыз етілді»,-және: «Сол айда[2] болғандарың ораза ұстасын»,-дегеніне сай,[3] ауыз бекітуге жағдайы келген[4] балиғатқа жеткен[5] әрбір мұсылман ораза ұстауы – парыз ъайн.[6] Бұл мәселеге Құранның осы аяты, сүннәт және ижмаъ[7] дәлел.[8]

Төрт мазһаб ғалымдары оразаның түрлеріне қатысты түрлі пікір айтқан. Мәселен, шафиғи, малики және ханбали мазһабы-ның ғалымдары ораза төрт түрге бөлінетіні жайында айтса,[1] ханафи мазһабының ғалымдары оразаның түрін белгілі бір санмен шектемеген.[2] Әр мазһаб ғалымдарының пікірі және дәлелімен таныстыру ұзақ әрі күрделі әңгіме. Осы себептен бұл еңбекте төл мазһабымыз – Имам Әбу Ханифа (рохматул-лаһи ъаләйһи) мазһабының үкімдерімен шектелсек жеткілікті деп ойлаймыз. Әрі оқырман тақырыпты жеңіл ұғыну мақсатында тек оразаның негізгі түрлерімен таныстыруды жөн көрдік. Ол: парыз, уәжіп, сүннәт, мәндуб және мәкрүһ оразалары.[3]

Оразаның артықшылығына Хақ Тағаланың: «Уа, мүминдер! Бұрынғыларға[1] парыз етілгендей сендерге де ораза парыз етілді»,-деген[2] сөзі меңзесе, Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм):«Ислам бес нәрсеге негiзделген: «Аллаһ Тағаладан басқа тәңiр жоқ, Мухаммад (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Оның құлы, әрi Елшiсi»,-деп куәлiк ету, намаз оқу, зекет беру, қажылыққа бару және Рамазан айында ораза ұстау»,-дегені,[3] ораза құлшылықтың ерекше түрі екенін көрсетеді.

Ораза күнәлардың кешірілуінің бірден-бір себебі.

Рамазан[1] – Құран айы. Жаратушы Ие айтады: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, бекем тұтынатын жолбасшы, ақ пен қараны айырушы ретiнде Құран түсiрiлген ай».[2]

Рамазан – бастапқы он күні Аллаһ Тағаланың рахметі, кейінгі он күні Хақ Тағаланың кешірімі, соңғы он күні тозақтан азат болу айы.

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады: «Бұл бірінші бөлігі[3] – Хақ Тағаланың рахметі,[4] екінші бөлігі – Оның кешірімі,[5] үшінші бөлігі – тозақтан азат болу[6] айы».[7]

Аллаһ Тағала «Бақара» сүресiнiң 185 аятында: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, бекем тұтынатын жолбасшы, ақ пен қараны айырушы ретiнде Құран түсiрiлген ай»,-деген.

Бұл аят мұсылман өмiрiндегi екi маңызды мәселеге нұсқайды. Бiрiншiсi: Рамазан айы – Пайғамбарымыз Мухаммадқа (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) уахи[1] келе бастаған ай және Құранның көп бөлiгi Рамазан айларында түсiрiлген.

Екiншiсi: Рамазан айы басталуымен әрбiр балиғат жасына жеткен, ақыл-есi дұрыс мұсылманға ораза ұстау парыз.

 

«Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) айтады: «Хақ Тағала айтады:[1] «Адам баласының барлық амалы өзі үшін. Тек ораза Мен үшін. Мен оразаның есесін беремін».[2] Ораза – қалқан.[3] Ораза ұстағандарың жаман сөз айтпасын, дауласпасын. Біреу оны балағаттаса немесе онымен жанжалдасса, ол: «Мен оразамын»,-десін.[4] Мухаммадтың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) жаны билігінде болған Аллаһ Тағаламен ант етем!

 

«Әбу Һурайра (родиял-лаһу ъанһу) айтады: «Мен Расулуллаһтың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) былай дегенін естідім: «Жаратқан Ие: «Адам баласының барлық амалы өзі үшін. Тек ораза Мен үшін.[1] Мен оразаның есесін беремін»,-дейді.[2]

 

«Бiрде Расулуллаһқа (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) Нәждтан[1] шашы ұйпалақтанған адам келдi. Бiз оның көтерiңкi дауысын естiгенiмен, не деп жатқанын түсiне алмадық. Оған жақындай келе ол Ислам жайында[2] сұрап тұрғанын түсiндiк. Расулуллаһ (с.ғ.с.): «Күнiне бес уақыт намаз оқупарыз»,-дегенде,[3] ол: «Бұл айтылғаннан тыс оқуға мiндеттi намаз бар ма?»,-деп сұрады.

- Жоқ. Тек қаласаң осыған қасымша ретiнде нәфiл[4] намаз оқысаң болады. Рамазан айында ораза ұстау – парыз.

 

Сұрақ: Рамазанның қандай ерекшеліктер тән?

Жауап: Рамазан – айлардың сұлтаны. Бұл – қасиетті Құран Кәрім түскен ай.

Рамазан айындағы ораза – Ислам негіздерінің бірі.

Рамазандағы құлшылық  пендені Жаратушы Иенің ерекше рахметіне лайық етеді.

Сұрақ: Рамазан оразасы қашан парыз болды?

Жауап: Рамазан Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) Меккеден Мадинаға һижрат еткеннен кейін һижри екінші жылы, шағбан айының бірінші дүйсенбісінде парыз болды. Бұл маңызды оқиғаның болуы миләди жыл санағымен 623 жылдың 7 ақпанына сәйкес келеді.

Сұрақ: «Рамазан» сөзінің этимологиясы қандай?

Жауап: Рамазан – ай күнтізбесіндегі тоғызыншы ай.

«Рамазан» сөзінің өзі «аптап», «ыстық» мағынасын білдіретін «рамз» түбірінен шыққан.