25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Хақ Тағала Өзіне бойсұнған пендесіне мол игілікті уәде еткен. Бұл Жаратушы Иенің шексіз рахымдылығының белгісі. Болмаса құлдың міндеті – Тәңірінің әмірін орындау ғана.

Әрбір жаратылыста Аллаһ Тағаланың Әл-Хаким[1] сипатын байқаса болады. Мәселен, Хақ Тағала «Зәрият» сүресінің 56-шы аятында: «Мен жын мен адамзатты Өзіме құлшылық етсін деп жараттым»,-деген.

«Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) айтады: «Хақ Тағала дін жолында бiр күн ораза ұстаған пендені тозақ отынан жетпiс жылға алыстатады».[1]

Хадисті Әбу Саъид Әл-Худриден (родиял-лаһу ғанһу) Имам Бухари, Имам Муслим, Имам Насаи және Имам Тирмизи риуаят етті.[2]

 



[1] бұл хадис дін жолында әрекет ету барысында ауыз бекітудің артықшылығына меңзейді. («Сахиху Муслим би шархин-Науауи»)

[2]«Тухфатүл-Ахуази», «Риядус-Солихин», «Сунәнут-Тирмизи», «Сунәнун-Насаи», «Сахиху Муслим би шархин-Науауи», «Сахиху Муслим», «Хашиятус-Санади ъалән-Насаи», «Канзүл-Ъүммәл», «Субулүс-Саләм» және «Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

Рамазан айында жиырма рәкәғат тарауих намазы оқылады. Үкімі: Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Хақ Тағала сендерге оразаны парыз етсе, мен тарауих намазын сүннәт еттім. Шын иман және ықыласпен Рамазан оразасын ұстаған және тарауих намазын оқыған адам күнәдан анадан жаңа туған нәрестедей пәк болып тазарады»,-дегеніне сай,[1] ер және әйел кісі жиырма рәкәғат тарауих намазын оқуы – сүннәт муәккәдә.[2]

Бұл мәселеге біріншіден: Имам Әл-Байһақи Ибн Аббастан және Әс-Сәййиб ибн Язидтен (родиял-лаһу ғанһума) еткен риуаяттар дәлел.[3] Нақтырақ айтқанда Ибн Аббастың (родиял-лаһу ғанһу) риуаятында Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) тарауих намазын жиырма рәкәғат етіп оқығаны жайында айтылса, Әс-Сәййиб ибн Язидтың (родиял-лаһу ғанһу) риуаятында екінші халифа Омар ибн Әл-Хаттабтың заманында тарауих намазы жиырма рәкәғат етіліп оқылатыны айтылған.[4]

Дінімізде қасиетті саналған күндер бар. Мысалы, екі айт күндері, жұманың күндізі мен түні.

Рамазан айының күндізі және түні қасиетті. Ал Рамазанның ішінде, әсіресе соңғы он күндігі ерекше қасиетке ие. Өйткені, бұл кештерде адам баласының бір жылдық тағдыры белгіленетін Қадір түні бар.

 

Уәжіп және нәзір иғтикәфтың уақыты ең аз дегенде бір күн болуы тиіс. Себебі, уәжіп иғтикәфта ауыз бекітілуі тиіс.[1] Бұл мәселеге қатысты Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Иғтикәф оразасыз болмайды»,-деген.[2]

1. Мешіттен үзірсіз шығу. Үзірлі жағдайға дәретханаға, ихтиләф болған жағдайда шомылу үшін шығу, жұма намазына,[1] ілім қалқасына,[2] жаназаға қатысу, науқасты зиярат ету жатады. Осы айтылған мақсатта мешіттен шығу иғтикәфты бұзбайды.[3]

 

1. Мұсылман болу.[1]

2. Ақыл-есі дұрыс болу.[2]

3. Ихтиләм, хайз, нифас тәрізді бой дәретсіздіктен таза болу.[3]Бой дәретсіздіктен тазару үшін дәрет алу жеткіліксіз. Міндетті түрде ғұсыл (шомылу) қажет.[4]

4. Сауда-саттық т.с.с. дүние ісімен айналыспау.[5]

 

Әйел адам иғтикәфын мешітте өтеуі – мәкрүһ тәнзиһ. Осы себептен әйелдердің ътикәфтің үйдегі арнайы орында[1] өтуі тиіс.[2] Ол болмаса, онда иғтикәф үшін арнайы бір орын белгіленеді.[3]

 

1. Иғтикәфқа ниеттену.[1]Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләй-һи уә салләм) ниеттің маңыздылығына қатысты: «Расында амалдар ниетке қарай ескерiлiп, әрбiр адамға ниетiне қарай берiледi»,-деген.[2] Иғтикәф ететін адам иғтикәфтың түрін нақты, яғни уәжіп болса: «Уәжіп иғтикәфты өтеуді ниет еттім»,-деп ниеттенуі тиіс.[3]

  

Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) үнемі орын-даған амалдан асқан құндылық бар ма?! Иғтикәф еткен адамның мысалы біреудің табалдырығында қажетін табандылықпен сұрап отырған адамға ұқсайды. Мұндай жағдайда тіпті ең қатыгез жүректің жұмсауы ғажап емес! Ал жомарттығы ұлықтығына лайық Хақ Тағала пендесін қашанда кешіруге әзір.