25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Тарауих намазының мустахабтары төмендегіше:

1. Әр екі немесе төрт рәкәғатта сәлем беру.[1]

2. Әр төрт рәкәғатта сәлем бергеннен кейін, намаз «тарауих»[2] деп аталуына сай демалу.[3] Демалу уақытында түрлі зікір, дұға етсе, уағыз айтса, тіпті үндемей отырса да бола-ды. Себебі, жаман сөз айтпай үндемей отырудың өзі – ғибадат.[4] Жалпы демалу барысында осы айтылған амалдың қайсысымен шұғылдану жамағаттың ықтиярындағы іс.[5]

Тарауих намазы жиырма рәкәғат етіліп оқылады. Бұл мәселеде біріншіден: Имам Әл-Байһақи Ибн Аббастан және Әс-Сәййиб ибн Язидтен (родиял-лаһу ъанһума) еткен риуаяттар дәлел.[1] Нақтырақ айтқанда Ибн Аббастың (родиял-лаһу ъанһу) риуаятында Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) тарауих намазын жиырма рәкәғат етіп оқығаны жайында айтылса, Әс-Сәййиб ибн Язидтың (родиял-лаһу ъанһу) риуаятында екінші халифа Омар ибн Әл-Хаттабтың заманында тарауих намазы жиырма рәкәғат етіліп оқылатыны айтылған.[2]

Тарауих намазының уақыты – құбтан намазы мен таң ату-дың аралығында.[1] Осы себептен құбтан намазынан бұрын оқыл-ған тарауих тарауихқа жатпайды.[2] Тарауих намазын оқудың ең абзал мезгілі – түннің үшінші бөлігі кіруден бұрын.[3]

 

Кез келген елді мекеннің тұрғындары тарауих намазын өздеріне қарасты мешітте жамағат болып оқуы – сүннәт кифая.[1] Осы себептен бір мешітке қарасты жамағаттың бірі де тарауих намазын мешітте оқымаған жағдайда жамағаттың барлығы сүннәтқа қайшы әдепсіздік еткен болады.[2]

Рамазан айында жиырма рәкәғат тарауих намазы оқылады.[1]

«Тарауих» сөзінің мағынасына келер болсақ, ол «демалу» деген ұғымды білдіреді.[2]

 

Оразада мәкрүһ болған, яғни шариғат бойынша жек көрінішті амалдарға мына іс-әрекеттер жатады:

1. Әлсірететіндей көлемде қан алдыру.[1]

2. Қажетсіз бір нәрсенің дәмін көру.[2] Тамақ пісіретін адам тілімен тамақтың дәмін көрсе болады.

«Мустахаб» деп шариғат орындалуын оң көрген сүннәт амалын айтады. Мысалы, нәфіл намаз оқу, нәфіл ораза ұстау.

Мустахабтың үкімі: істеген сауапқа ие болады. Мустахаб-ты істемеген күнәһар да, жазалы да болмайды.

Ораза мәселесіне келер болсақ, оразаның мустахабына мына амалдар жатады:

1. Күн батқаннан кейін ауыз ашуға асығу.[1] Жаратушы Ие ауыз ашуға асығудың артықшылығына қатысты: «Менің ең жақсы көретін құлдарым[2] – ауыз ашуға асыққандары»,-десе,[3] Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Ауыз ашуды кешiктiрмеумен[4] адамдардың амандыққа кенелуi[5] жалға-сады»,-деген.[6]

 

Жоғарыда оразаны бұзатын іс-әрекеттер мен оразаның қазасын өтеу жайында айтылған болатын. Ендігі кезекте оразаны бұзбайтын іс-әрекеттер жайында айтсақ дұрыс болады. Оған мына іс-әрекеттер жатады:

1. Ұмытып ішіп-жеу. Мұндай жағдайда ораза екені есіне түскен адам ішіп-жеуден тыйылуы тиіс. Біреудің ұмытып тамақтанып жатқанын көре тұрып оны ескертпеу – мәкрүһ тахрим.[1] Бұл мәселеге қатысты Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм): «Сендерден оразада ұмытып iшiп-жеп қойған адам оразасын толықтырсын. Бұл – Алла Тағаланың оны тамақтандырып, сусындатқаны»,-деген.[2]

Мына жағдайларда ауыз ашқан адам оразасын қайта жалғас-тырады:

1. Таң атса да, таң атқанынан күмәнданып сәресіні ішкен жағдайда. Мысалы, біреу таң атқанынан күмәнданып сәресіні ішті дейік. Біршама уақыттан кейін таң атып қалғаны анықталады. Бұл жағдайда ауыз бекітіледі. Әрі күмәндануы себебінен  кәффарат міндетті болмағанымен, кейін сол күннің қазасы өтеледі. Егер таң атқаны анықталмаса қазасын өтеу міндеттелмейді.[1]