05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Өмірден түңіліп кеттім, не істеймін?

Өмірден түңіліп кеттім, не істеймін?

Иман келтіру

Фәни дүниеде кез-келген пенденің басына талай қиындықтар мен қайғылы жағдайлар келетіні рас. Өйткені, өмірде қуаныш пен қайғы қатар жүреді. Қиындықтарға жауап – Құранда.

Күнә жасадың ба?

«Зумар» сүресінің 53-аятын оқы: «(Ей, Мұхаммед, Менің атымнан) айт: «Ей, күнәһар пенделерім! Тәңірдің рақымынан түңілмеңдер. (Қаласа,) Алла, сөз жоқ, бар күнәні кешіреді. Алланың өте жарылқағыш әрі өте мейірімді екені даусыз».

Тура жол іздейсің бе?

«Маида» сүресінің 16-аятын оқы: «Өзінен ризалық тілегендерді Алла сол кітап арқылы тура жолға жетелейді, Өзі ықпал жасап оларды қараңғылықтан жарыққа (күпірден арылтып иманға) шығарады, сөйтіп, тура жолға бастайды».

Жаның жайсыз болып жүр ме?

«Рағыд» сүресінің 28-аятын оқы: «Иман айтқандарға келсек, олардың жаны Алланы еске алумен жай табады».

Сені бағаламай ма?

«Инсан» сүресінің 22-аятын оқы: «Сөз жоқ, бұл сендерге берілген сый. Демек, сендердің еңбектерің еш кетпейді».

Сәтсіздікке ұшырадың ба?

«Жүсіп» сүресінің 87-аятын оқы: «Жаратқан жарылқар, үміт үзбеңдер. Алланың рақымынан тек сенбеушілер ғана үміт күтпейді».

Бақытсыздыққа тап болдың ба?

«Ибраһим» сүресінің 34-аятын оқы: «Сендерге Алла сұрағандарыңның бәрін берді. Алланың ондай игіліктерін санап тауыса алмайсың. Ал адам деген ынсапсыз және тәубесіз».

Қиындықтардан шаршадың ба?

«Шарх» сүресінің 5-аятын оқы: «Әрине, әрқалай қиындыққа қоса жеңілдік бар».

Адамдар жамандық қылды ма?

«Фурқан» сүресінің 63-аятын оқы: «Ұлы Тәңірді таяныш ететіндер жер бетінде сыпайы жүреді, соқтыққан содырлардың өзіне (надандарға) солақай сөйлемейді, («Ассалаума ғалейкүм» дейді). Түн баласы олар Тәңірге сәжде етіп, тік тұрып тілек тілейді (намаз оқиды)…».

Кешірім қалайсың ба?

«Ғимран» сүресінің 135-аятын оқы: «Күнәні кешіретін Алладан басқа ешкім жоқ. Оқыс бір оқият жасап қалса, немесе өздеріне өздері зиян келтірсе (тақуалар сондықтан да) Алланы еске алып, одан күнәларын кешіруді сұрайды. Қылықтарының теріс екеніне көздері жеткен соң, оны одан әрі жалғастырмайды».

ummet.kz

Бөлісу: