Қиыншылықтан шаршадым дейсіз бе? Онда мына оқиғаларды оқып, тәубеңізге келіңіз де, әрбір күніңізге шүкіршілік етіңіз:
Сіз Хазіреті Адам Пайғамбар сияқты 200 жыл бойы тәубе еттіңіз бе?
Сіз Хазіреті Ибраһим сияқты отқа тасталдыңыз ба?
Хазіреті Жүсіп сияқты құдыққа тасталдыңыз ба?
Жүніс Пайғамбар сияқты теңізге лақтырылдыңыз ба?
Аюп Пайғамбар сияқты бүкіл денеңізді ауру басты ма?
Біләл (р.а.) сахаба секілді қызып тұрған құмға жатқызылып, үстіңізге тас қойылды ма?
Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) сияқты Таип қаласында тас боранға ұрындың ба?
Сенің сәждеге бас қойған кезіңде жаңа сойылған түйенің ішек-қарыны басыңа кигізілді ме?
Саған тас атылып, тісің сынды ма?
Ел-жұртыңа сыймай, басқа елге көшіп кеттің бе?
Жақын адамдарыңнан айырылдың ба?
Хазіреті Хамза секілді құлағың, мұрның кесілді ме?
Әммар, Суммәя, Ясир сияқты сахабалардың басына келген қиыншылық саған келді ме?
Ендеше, сіздің бүгінгі қиыншылығыңыз бұл қиыншылықтардың жанында түк те емес. Қайғырмаңыз, мұңаймаңыз. Аллаға сеніңіз. Әрбір қиыншылықтың артынан бір жақсылықтың болатынына иманыңыз кәміл болсын...
ummet.kz