Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде:
Пендені құтқаратын үш нәрсе, қирататын үш нәрсе, дәрежесін көтеретін үш нәрсе, күнәларын жуатын үш нәрсе бар.
Құтқаратын үш нәрсе:
-Оңашада да, жарияда да Алладан қорқу;
-Кедейлікте де, байлықта да жақсы ниетте болу;
-Разылықта да, ашуда да әділ болу.
Қирататын нәрсе:
-Қатты сараңдық;
-Созылмалы әуейілік;
-Өзіне-өзі таң қалу.
Дәрежені көтеретін үш нәрсе:
-Сәлемдесу
-Адамдарды тамаққа шақыру
-Жұрт ұйықтап жатқанда намаз оқу
Күнәні жуатын үш нәрсе:
-Суық түндерде дәрет алу
-Жамағат намаздарына бару
-Намаздан соң келесі намазды күту - деген (Әбу Һурайра (р.а) риуаят еткен).
ummet.kz