28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Қажылық пен умраның сауабын сыйлайтын намаз

Қажылық пен умраның сауабын сыйлайтын намаз

Иман келтіру

Дұха намазының уақыты күн көтерілгеннен кейін басталып, бесін намазына аз уақыт қалғанда аяқталады. Ғалымдар оны нақтырақ есептеп, күн шыққаннан кейін 15 минуттан кейін басталып, бесін намазына 10 минут қалғанда аяқталады деп белгілеген.

Мүмкіндік болса, дұха намазын күн ысығанда оқыған абзал. Өйткені, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Тәубе етушілердің намазы – түйелердің балалары күнге қыздырына бастаған уақытта» деген (Муслим).

Дұха намазын оқушы қажылық пен Умраның сауабын алады.

Әнас ибн Мәлик (оған Алла разы болсын) жеткізеді: «Таң намазын жамағатпен оқып, содан кейін орнында қалып, күн шыққанша Алланы еске алып, кейін екі рәкағат намаз оқыса, оған толық, толық, толық қажылық пен умраның сауабы жазылады» (Тирмизи). Хадис ғалымдары мұндағы екі рәкағат намаз – дұха намазы деп санаған.

ummet.kz

Бөлісу: