26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Дұға көбірек қабыл болатын уақыттар

Дұға көбірек қабыл болатын уақыттар

Иман келтіру

Алла Тағала – әрдайым сырлар мен сыбдырларды Естуші, жасырын мен әшкерені Көруші, жүректер мен жағдайлардан Хабардар. Дей тұрғанмен, Жаратушымыз кейбір уақыттарды ардақты етті әрі сол уақыттарда жасалатын құлшылықтар, дұғалар Алла үшін басқа уақыттарға қарағанда артығырақ әрі сүйіктірек.

Дұға көбірек қабыл болатын уақыттар:

 

1. Түн ортасы.

2. Парыз намаздан кейін.

3. Азан мен қаматтың арасында.

4. Түннің соңғы үштен бірінде.

5. Азан айтылған кезде.

6. Жаңбыр жауған мезгілде.

7. Жұма күнінің соңғы сағатында.

8. Зәмзәм суын ішкенде.

9. Сәждеде.

10. Мұсылманның мұсылманға тілеген дұғасы.

11. Арафа күні оқылған дұға.

12. Алланы еске алуға жиналған мұсылмандардың жиынында оқылған дұға.

13. Әкенің ұл және ұлдың әкесі үшін жасаған

дұғасы.

14. Жолаушының дұғасы.

15. Ізгі баланың ата-анасы үшін жасаған дұғасы.

16. Дәрет алғаннан кейінгі айтылатын Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен дұғалардың бірі.

17. Минадағы кіші және ортаңғы жамараттарға тас лақтырудан кейін.

18. Қағбаның ішінде оқылған дұға, Хижр Қағбаның бір шеті болғандықтан Оның іші де Қағбаның іші болып есептеледі. Сондықтан Хижрдің ішінде дұға жасаған адам Қағбаның ішінде дұға жасаған болып саналады.

19. Сафа мен Мәруада оқылған дұға.

20. Муздалифада (Машғар әл-харамда) оқылған дұға.

ummet.kz

Бөлісу: