25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жастық шақтың қадірін білу – жетістікке апарар жол

Жастық шақтың қадірін білу – жетістікке апарар жол

Иман келтіру

Аса Рақымды Мейрімді Алла Тағаланың атымен бастаймын. Барлық мадақ әлемдердің Раббысы – Алла Тағалаға ғана тән. Адамзаттың асылы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлемі болғай!

«Уақыт алтыннан да қымбат» деп бекер айтылмаған. Пайғамбарымыз да (с.ғ.с) күллі мұсылмандарға уақыттың құндылығын білдіріп былай деген: «Қиямет күні төрт нәрседен сұралмай құлдың аяғы ілгері де, кейін де жылжымайды: Өмірін қалай өткізгендігі, жастық шағын қалай өткізгендігі, мал дүниесін қалай тауып, қайда жұмсағандығы, біліміне қалай амал еткенщдігі»

Асыл дініміз уақыттың ағысы өте жылдам, әрі бір секундтың өзі ешқашан қайтып келмейтіні жайлы ескертеді. Уақыт адамның қолындағы баға жетпес байлық. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Екі нығмет бар, көптеген адамдар бағалай алмай, ол екеуінде алданып қалған. Ол денсаулық пен бос уақыт» - дейді. Дін жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуді бұйырады. Дінімізде жастардың орны ерекше. Жастар әр қоғамның болашағы. Қоғамның болашағы жоғары деңгейде болу үшін жастардың тәрбиесіне аса мән беру керек.

Адам өмірінің ең маңызды кезеңі жастық шақ. Жастық шақтың қадірін білу – жетістікке апарар жол. Жастық шақтың қадірін біліп бағалап жүруі керек. Уақыт қайтып артқа оралмайды. Сол себепті әрбір сәтті пайдалы іспен өткізген жөн. «Бес нәрседен бұрын бес нәрсенің қадірін біл: Қарттық жетпей тұрып жас шағыңның; ауырмай тұрып денсаулығыңның; кедейлікте душар болмай тұрып байлығыңның және жұмысбасты болмай тұрып бос уақыттың; ажалың келмей тұрып тіршілігіңнің қадірін біл»

Хадисте адам баласы көбіне-көп қадірін біле бермейтін бес нығмет жайлы айтылуда. Көп жағдайда, осынау баға жетпес нығметтердің қадірін олардан біржолата айырылып қалғаннан кейін ғана түсініп, санымызды соғып жатамыз. Алайда, болар іс болған соң, бекерге аһ ұрып, өкінгеннің пайда бермесі анық. Міне, сол себепті Алла елшісі (с.ғ.с) бізді осынау нығметтердің қадірін дер кезінде біліп, оларды орынды пайдалануға шақыруда.

Дін жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуді бұйырады. Дінімізде жастардың орны ерекше. Жастар әр қоғамның болашағы. Қоғамның болашағы жоғары деңгейде болу үшін жастардың тәрбиесіне аса мән беру керек. Жастар бір ұлттың ұлт болып қалуына кепіл тұлғалар. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жастарды мейріміне алып, түрлі жаман, күнәлі істерден алыс болуға тәрбиелеген.Адам ғұмырының ең бақытты да қуанышты, қызығы мен шыжығы көп сәт жастық сәт.

Имандылық тәрбиенің жетіспеушілігі: ата-бабаларымыз өз ұрпағын иманды етіп тәрбиелеуді басты міндет еткен. Дін бойынша ажалдың жасы-кәрісі, ерте-кеші болмайды. Әркімнің тағдыры әртүрлі. Сондықтан ата-бабаларымыз «ажал айтып келмейді» деген. Жастықтың буына алданыпа, мұсылмандық міндетін орындауды ұмытуға болмайды. Алла Тағалаға құлшылығы кемпір-шалға ғана бұйырмаған. Құлшылыққа асықпай, жастық шақтың қызығына тоймай уақытын бос нәрсемен өткізіп алады. Бірақ балиғат жасына толған әрбір мұсылманға парыз еткен құлшылықтарды уақытылы орындалуы керек.

Абдулла ибн Масғұдтан жеткен хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с) былай дейді: «Адам баласы мына бес нәрседен сұралмайынша АллаТағаланың құзырынан ешқайда кетпейді: «бірінші, өмірін қалай өткізгендігі; екіншісі, жастық шағын қалай өткізгені; үшіншісі, дүниесін қалай тапқанын; төртінші, тапқанын қалай жұмсағанын; бесінші, білгенімен амал етіп еткен-етпегенін».

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бізге айтқан өсиетіне құлақ асып, қартаймай тұрып, жастығымыздың; аяө астынан аурып, сырқап берекеміз қашпай тұрып, есен-саулығымыздың, тақыр кедей болмай тұрып, қолымыздағы азды-көпті дүниенің; қауырт шаруаның астында қалмай тұрып, бос уақыттың; сондай-ақ бәрінен де қорқыныштысы – ажал келіп, жан алқымнан алмай тұрып, әрбір сәті қайталанбас өміріміздің қадір-қасиетің біліп, парқына жете білсек, өмірімізді мәнді өткізер едік. Уақытымызды бағалап, жастық шағымызды пайдалы өткізуге Алла Тағала нәсіп етсін!

Әйкерім Қайратқызы,

«Нұр Астана» мешітінің ұстазы

Бөлісу: