Рамазан айында Сауд Арабиясында жекелеген үй асханаларының ауызашар астарына сұраныс көлемі арта түсуде. Дәл осы асханаларға көптеген отбасылар тапсырыс береді екен. Себебі, аталмыш үй асханалары ірі қоғамдық тамақтану орындары мен мейманханаларға қарағанда әлдеқайда дәмді де сапалы дайындайды.
Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерден үй асханасында әзірленетін ас-тағамдарға тапсырыс көп екенін байқауға болады.
Сонымен қатар, қатырылған жартылайфабрикат үйде әзірленген тағамдарға да сұраныс жоғары. Кез келген отбасы үйінде аспазшы ұстауға мүмкіндігі болмауы себепті, үйде әзірленетін осындай дәмді тағамдарға тапсырыс жасау өте қолайлы болып отыр.
ummet.kz-ақпарат