17
Жексенбі,
Қараша

һижри

86-ға келген қария ислам магистрі атанды

Жаһан
Жарнама

86 жасқа келген ирандық Мир-Ганбар Хейдари Шишван Аджаб Шир қаласындағы Азад ислам университетінің магистрі атанды.

Осыдан төрт жыл бұрын қария университеттің бакалавр академиялық дипломын алған болатын. Алайда, білімге құштар Шишван қария мұнымен шектелмей, магистратураны жалғастыруды жөн деп тапқан.

Мир-Ганбар Хейдари Шишван банк саласында еңбек еткен және мұғалімдік қызметте де болған. Бұдан бөлек, кітап та жазып үлгерді. Қазір өзге үш кітабын жазу үстінде екен.

Айта кету керек, қарияның өмірін негізге алған «Президент Мир-Ганбар» деректі фильмі түсірілген. Туынды Жапония мен Швейцария кинофестиваліне жүлделі орындарға ие болды.

Сонымен қатар, Мир-Ганбар Хейдари Шишван өзін республиканың президенттік және парламенттік сайлауына да ұсынды. Қазіргі уақытта 2017 жылы өтетін президент сайлауына түсуді жоспарлап отыр. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: